Қазақстандық жүргізушілерді интернет алаяқтарына қатысты жаңа қауіп-қатерге сақ болуға шақырады. Қылмыскерлер ресми органдар атынан жалған ескертулер жіберіп, автокөлік иелерін алдауға тырысады.
Алаяқтар хабарламаларды электрондық пошта мен мессенджер арқылы таратады. Онда автокөліктің нақты деректері мен нөмірі көрсетіліп, айыппұл төлеу үшін сілтемеге өту ұсынылады. Банк картасының деректерін енгізген сәтте қылмыскерлер шотқа қол жеткізеді, кейбір сілтемелерде жеке ақпаратты ұрлайтын вирустар болуы мүмкін.
Алматы қаласы Киберқылмыспен күрес басқармасының басшысы Анес Қалдыбаевтың айтуынша, мұндай жүйелер бұрын АҚШ пен Ресейде тіркелген. Сондықтан сақ болу маңызды. Қазақстанда осындай шабуылдардың таралу қаупі жоғары.
Полиция ресми ескертулер тек 1414 қысқа нөмірінен жіберілетінін және ондағы сілтемелер белсенді емес екенін еске салды. Ақпаратты egov.kz, qamqor.gov.kz немесе банктің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.
Егер күдікті хабарлама алсаңыз, сілтемеге өтпеңіз, карта деректерін енгізбеңіз және файлдарды ашпаңыз. Деректерді енгізіп қойған жағдайда картаңызды дереу блоктап, банкке хабарласып, полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласыңыз.












