Home Технологиялар Ғаламтор және желі Үй жануарларының жағдайын бақылайтын цифрлық жүйе іске қосылды

Үй жануарларының жағдайын бақылайтын цифрлық жүйе іске қосылды

61

Қазақстанда ауыл шаруашылығында қолдануға арналған арнайы смарт-жүйе іске қосылды. Енді фермерлер мен шаруа қожалықтары мал шаруашылығындағы түліктің жай-күйін қашықтан бақылап, уақытылы шара қабылдай алады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жанат Мадиев хабарлады.

Смарт-жүйе жануарлардың келесі көрсеткіштерін үздіксіз бақылап отырады:

  • азықтану белсенділігі;
  • жалпы қозғалыс деңгейі;
  • дене қызуы;
  • сергектігі мен қимыл-қозғалысы.

Жүйе төрт түліктің жағдайында қандай да бір ауытқу байқаса, бұл туралы иесіне бірден ескерту жібереді. Министрдің айтуынша, бұл технология аурудың алдын алуға, шығынды азайтуға және шаруашылықтың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Цифрлық жүйе әсіресе шалғай ауылдардағы шаруалар үшін тиімді болмақ. Яғни, еңбек шығынын азайтып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.