Apple компаниясы iPhone 17 және бүктелмелі құрылғыларының дизайнын түбегейлі өзгертпек. Белгілі инсайдер Digital Chat Station компания смартфондарының сыртқы келбетін қайта қарастырып жатқанын хабарлады.
Айтуынша, iPhone 17 Air мүлде жаңа стильде шығады. Оның артқы бетінде бір ғана камерасы бар жіңішке көлденең жолақ орналастырылады. Ал Pro нұсқалары бұрынғыдан да кеңейтілген көлденең камера блогымен жабдықталмақ, ол артқы панельдің бар енін алып тұрады.
Сондай-ақ, Apple үлкен экранды бүктелмелі смартфон әзірлеп жатыр. Компания экранды бүктеп-жайып қолдануға мүмкіндік беретін жаңа құрылғы үлгісін сынақтан өткізуде.
Бұған дейінгі мәліметтерге сәйкес, iPhone 17 Pro үш камералы жүйесін сақтап қалады, бірақ олар дөңгелектелген тікбұрышты жаңа панельге біріктіріледі. Бұл дизайн смартфонның сыртқы көрінісін өзгеше етіп көрсетуі мүмкін.