Жоғары аудит палатасы республикалық бюджетті алдын ала тексеруді жасанды интеллект агенттеріне сеніп тапсыруды жоспарлап отыр. Үлкен деректер мен жасанды интеллект технологиясы күнделікті есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыруға мүмкіндік беріп, тексеріс сапасын айтарлықтай арттырады.
Аудит палатасынан хабарлағандай, жасанды интеллект агенттері бюджеттік жобаларды алдын ала бағалап, парламентке жылдық есеп дайындауда көмек көрсетеді. Бұл механизм мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мен бақылауды жеңілдетуге бағытталған.
2026 жылға жоспарланған тексерістер саны – 37. Олар фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдауды, инвестиция тарту жұмыстарын, «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруды, ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңартуды, газ саласының жұмысын, «Қазпошта» қызметін, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің іс-шараларын, мемлекеттік ақпараттық саясатты және басқа да маңызды бағыттарды қамтиды.
Бұл бастама бюджеттің ашықтығын арттыруға, мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мен тексеріс сапасын жоғарылатуға арналған стратегиялық қадам болып табылады.












