Home Электроника Ұялы телефон iPhone 17 Air физикалық SIM-картаны қолдамайды деген ақпарат тарады

iPhone 17 Air физикалық SIM-картаны қолдамайды деген ақпарат тарады

30

Apple-дің жаңа өнімдеріне қатысты ақпарат желіде қызу талқылануда. Кейбір дереккөздер барлық iPhone 17 үлгілері тек eSIM технологиясымен шығарылады деп жазған болатын.

Алайда Techmaniacs сайтының эксклюзивті мәліметіне сәйкес, физикалық SIM-картаны қолдаудан тек iPhone 17 Air бас тартпақ. Компания Еуропадағы қызметкерлерін арнайы оқытып, сатып алушыларға eSIM жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсіндіруге дайындық жүргізіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, құрылғының ішкі кеңістігі шектеулі болғандықтан, оған SIM-карта салатын арнайы ұяшық орнату мүмкін болмаған. Осы себепті iPhone 17 Air тек eSIM арқылы жұмыс істейді. Ал жаңа сериядағы басқа модельдерде бұрынғыдай физикалық SIM-картаны қолдануға мүмкіндік сақталады.

Бұдан бөлек, жаңа смартфонның техникалық сипаттамасы да талқыланып жатыр. Инсайдерлердің болжамынша, iPhone 17 Air iPhone 17 Pro-дан жіңішке болғанымен, өнімділігі төмендеу болуы ықтимал. Жаңа модельде қуаты азайтылған чипсет пен ең шағын аккумулятор қолданылатыны айтылды. Смартфонның қалыңдығы небәрі 5,65–5,7 мм шамасында болып, OLED-дисплейінің диагоналі 6,6–6,7 дюйм болады деген дерек бар.

Қазіргі уақытта бұл мәліметтерді ресми ақпарат деп айтуға әлі ерте. Себебі Techmaniacs сайтындағы деректердің көпшілігі әлі ресми түрде расталған жоқ. Дегенмен, сайттың 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын және ай сайын миллионға жуық қолданушы кіретінін ескерсек, ақпарат назар аударарлық.

Жаңа Apple өнімдерінің ресми таныстырылымы 9 қыркүйекте өтеді деп күтілуде.