«KAZRAIL» теміржол компаниясы «Астана – Арқалық» бағыты бойынша №655/656 пойызында Starlink компаниясының жоғары жылдамдықтағы интернетін пилоттық режимде ұсынды. Жобаның сынақ кезеңі ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.
Тасымалдаушылар жолаушылар пойыздарында интернетке қолжетімділікті кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін «Пассажирские перевозки» АҚ «Астана – Алматы» және «Астана – Өскемен» бағыттарында да пилоттық жобаларды іске қосқан болатын.












