Home Кәсіби маман HONOR компаниясының аймақтық директоры Чен Чен: «Жаңа жылда MagicOS операциялық жүйесінің 10-шы...

HONOR компаниясының аймақтық директоры Чен Чен: «Жаңа жылда MagicOS операциялық жүйесінің 10-шы нұсқасына кең көлемді жаңарту және жасанды интеллектіні смартфондардың ажырамас бөлігіне айналдыруды жоспарлап отырмыз»

29

MOBILASER порталы жаңа жыл алдындағы дәстүрлі сұхбаттар циклін жалғастырып, оқырманға технологиялық әлемнің ішкі тынысын көрсетуді мақсат етеді. Бұл жолы портал IT-технология, телекоммуникация және сауда саласында еңбек етіп жүрген мамандармен, сондай-ақ Қазақстандағы әлемдік мобильді брендтердің өкілдерімен тікелей әңгімелеседі.

Бұл сұхбаттардың мақсаты – оқырмандарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап қана қоймай, отандық экономиканың осы саласындағы өзекті мәселелер мен даму келешегін таныстыру.

Бүгін б3з HONOR компаниясының аймақтық директоры Чен Ченмен сұхбаттастық.

– Өткен жыл компанияңыз үшін қалай өтті?

2025 жылы HONOR жасанды интеллектіні кеңінен дамыту мен енгізуге басымдық берді. Жыл басында компанияның бас директоры Ли Цзянь бес жылдық даму стратегиясын – «Альфа жоспарын» жариялады. Қазірге дейінгі нәтижеге қарасақ, біз ғаламдық брендтен ғаламдық технологиялық AI-брендке айналдық. 2025 жылы шыққан өнімдердің басым бөлігі интернетке қосылмай-ақ жасанды интеллектіні пайдалана алады.

Мысалы, HONOR Magic 7 Pro смартфоны жасанды интеллектіні алғаш толық енгізген флагман болды. Одан кейінгі хит – HONOR 400, орташа баға санатындағы ең үздік AI камераға ие құрылғы. Қазақстан нарығында «Альфа жоспарының» алғашқы жылы аяқталғанын X сериялы смартфондардың пайда болуы білдіреді. Бұл смартфондар жоғары технологияларды қолжетімді етеді. HONOR бюджет смартфондарының пайдаланушыларына да жасанды интеллектінің мол мүмкіндіктерін ұсынды. Нәтижесінде, HONOR Қазақстан смартфон нарығының үш үздігінің қатарына енді.

– Қандай оң өзгерістерді атап өтер едіңіз? Қандай мәселелер шешілді және жаңа трендтер қандай?

Жасанды интеллект негізіндегі технологияларды смартфондарға енгізу нарықтың басты даму бағытына айналды. Мұны ғарыштық жарыспен салыстыруға болады, әрі алдағы жылдары бұл үрдіс одан әрі күшейеді деп сенемін. Жалпы, смартфон нарығы құрылғылардың техникалық сипаттамасынан көп оның мүмкіндіктеріне қарай бет бұрып келеді. Көпшілік қолданушы пиксель саны мен процессор қуатын көп ойламайды, тек маңызды функцияларға назар аударады. Қазіргі таңда AI – смартфон таңдау кезінде шешуші факторлардың бірі. Осы тұрғыдан HONOR технологиялық көшбасшы ретінде ерекшеленеді.

HONOR компаниясының аймақтық директоры Чен Чен: «Жаңа жылда MagicOS операциялық жүйесінің 10-шы нұсқасына кең көлемді жаңарту және жасанды интеллектіні смартфондардың ажырамас бөлігіне айналдыруды жоспарлап отырмыз»

– Жаңа жылдан қандай үміт күтесіз? Қазақстандықтарға не ұсынбақсыздар?

HONOR жасанды интеллектіні дамытып, смартфондарға жаңа әрі пайдалы функциялар жиынтығын енгізуді жалғастырады. Келер жылы MagicOS операциялық жүйесін 10-шы нұсқасына кең көлемде жаңартуды жоспарлап отырмыз. Бұл жаңарту құрылғыларды оңтайландырып, жасанды интеллектіні күнделікті смартфон қолданудың міндетті бөлшегіне айналдырады. Осы жаңартудың алғашқы жемісі – жазда сатылымға шығатын ультрафлагман HONOR Magic 8 сериясы болады. Одан кейін басқа HONOR смартфондары да, оның ішінде бұрынғы буын құрылғылары да жаңартудан өтеді. Біз құрылғыларды ұзақ уақыт қолдауды және жүйелі жаңартуларды қамтамасыз етуді дәстүрге айналдырғанбыз.

2026 жылы HONOR Қазақстан нарығында ноутбуктер мен планшеттер, сондай-ақ құлаққаптар, сағаттар, фитнес-белдіктер сияқты киілетін гаджеттер санатын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл салада қызықты жаңалықтар көп болады, ресми хабарламаларға назар аударуларыңызды ұсынамыз.

— Көп рақмет! Сіздерге 2026 жылы табыс тілейміз!