Канадада орналасқан Rogue Factor студиясы әзірлеген Hell is Us ойыны орыс тіліне аударылғанымен, оған арнайы дыбыстама ұсынылмаған еді. Осы олқылықты ойын әуесқойлары өз күшімен толтырды. Олар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, кейіпкерлердің дауыстарын қазақ тілінде жаңғыртқан.
Hell is Us – адамның ішкі күйзелісі мен бейтаныс әлем арасындағы шекараны бейнелейтін ерекше атмосферадағы шытырман оқиға жанрындағы туынды. Rogue Factor студиясы мен Nacon компаниясы бірлесіп шығарған бұл жоба ойыншыны тек оқиға желісімен ғана емес, терең психологиялық әсерімен де баурайды.
Ойынның оқиғасы ойдан шығарылған Хадея елінде өрбиді. Бұл елді азаматтық соғыс пен түсініксіз табиғаттан тыс құбылыстар жайлаған. Негізгі кейіпкер – Реми есімді жас жауынгер. Ол өз өткенінің құпиясын ашу және ата-анасының тағдырын білу үшін туған жеріне қайта оралады. Уақыт өте келе ойыншы монстрлар мен беймәлім жаратылыстардың шын мәнінде адамның рухани жарасын бейнелейтінін аңғарады.
Бастапқы нұсқасында тек мәтіндік аударма болғанымен, фанаттар SynthVoiceRu бастамасымен ойынға толыққанды нейродыбыстама жасап шыққан. Бұл – кәсіби емес жоба болса да, дыбыстау сапасы мен дәлдігі жағынан жоғары деңгейде орындалған. Қазақша нұсқадағы әр кейіпкердің дауысы, эмоциясы мен сөйлеу мәнері ойынның атмосферасын айқын сезінуге мүмкіндік береді.
Мұндай дыбыстама кәсіби дубляжды толық алмастырмаса да, ойын әлемін қазақ тілінде сезінудің жаңа кезеңін ашты.
Айта кетерлігі, Hell is Us биыл көптен күткен Hollow Knight: Silksong ойынымен қатар жарық көрді. Егер Silksong дәстүрлі тәсілдері мен күрделі механикасымен ерекшеленсе, Hell is Us өз батылдығы, көркем тұжырымы мен жаңа технологияларды қолдануы арқылы дараланады.
Бұл бастама — қазақ геймерлерінің ойын мәдениетін дамыту жолындағы маңызды қадамдарының бірі.












