Home Технологиялар Ғаламтор және желі Google Earth өткенге саяхат жасауға мүмкіндік береді

Google Earth өткенге саяхат жасауға мүмкіндік береді

12

Google Earth өз қызметінің 20 жылдығына орай жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Енді қолданушылар тек Жердің беткі қабатын зерттеп қана қоймай, қалалар мен көшелердің уақыт өте қалай өзгергенін де бақылай алады. Бұл туралы сервистің әзірлеушілері хабарлады.

Негізгі жаңалықтардың бірі – өткен жылдардағы көше көріністерін көру мүмкіндігі. Яғни, бұрынғы Street View кадрларын қарап, көшелердің әр жылдары қалай көрінгенін тамашалауға болады. Қолданушылар ғимараттардыибиіктен де, жер бетінен де кең ауқымда тамашалай алады.

Сонымен қатар, тәжірибелі қолданушыларға орман жамылғысының тығыздығы мен Жер бетінің температурасы сияқты тарихи деректер де қолжетімді болды. Уақыт өте қалай өзгергенін бақылауға мүмкіндік беретін бұл мәліметтер климат зерттеушілері, экологтар мен тұрақты даму саласындағы мамандар үшін таптырмас құрал саналады.

Қазір Google Earth күнделікті бағыт іздеу үшін емес, нақты мақсаттағы зерттеулер мен жобаларда жиі қолданылады. Мысалы, күн панельдерін орнатуға ыңғайлы аумақты анықтау немесе қаланың даму жоспарын жасау кезінде бұл сервис үлкен көмек береді. Ал күнделікті маршруттарды көпшілік әдеттегідей Google Карталар арқылы қарайды. Осылайша, Earth біртіндеп ғылыми талдау мен визуалды тұрғыда зерттеуге арналған кәсіби құралға айналып келеді.