Home Робот пен дрондар,ЖИ Энергетика саласына жасанды интеллект енгізіледі

Энергетика саласына жасанды интеллект енгізіледі

38

Астанада «Қазақстан электр энергиясы мен қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамы (KOREM) мен «IBA Astana Dev» компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат энергетика секторындағы негізгі бизнес-үдерістерге жасанды интеллект технологияларын енгізуді көздейді.

KOREM мәліметінше, жаңа шешімдер электр энергиясы нарығындағы орталықтандырылған сауда жүйесін жетілдіруге, бірқатар күнделікті операцияны автоматтандыруға және үлкен деректерді пайдалану арқылы талдау мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сарапшылардың айтуынша, бұл тек жекелеген процестерді цифрландыру емес, сонымен қатар энергия нарығын басқарудың ашық әрі болжамды моделін қалыптастыруға бағытталған қадам. Жасанды интеллектті қолдану болжамдардың нақтылығын арттырып, ақпаратты өңдеу уақытын қысқартады және шығындарды азайтуға ықпал етеді.