Қазақстанда мобильді қосымша арқылы азаматтарға өздерінің несиелік және сақтандыру тарихын бақылауға мүмкіндік беретін жаңа қызмет іске қосылды. Енді еліміздің тұрғындары eGov Mobile қосымшасы арқылы бұл ақпаратты оңай әрі жылдам ала алады.
«eGov Mobile» қосымшасында «Несиелік және сақтандыру тарихы бойынша анықтамалық» атты жаңа қызмет енгізілді», – деп хабарлайды «НИТ» АҚ баспасөз қызметі.
Бұл қызмет екі негізгі бөлімнен тұрады: «Несие алу» және «Сақтандыру». Әр бөлімде «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ ұсынған деректер негізінде толық ақпарат беріледі.
«Несие алу» бөлімінде пайдаланушылар соңғы бес жылдағы несие тарихын, белсенді қарыздары туралы мәліметтерді және несие қабілеттілігін көрсететін баллды біле алады.
«Сақтандыру» бөлімінде азаматтар сақтандыру шарттары мен полистер туралы жалпы мәліметтерді, сондай-ақ бонус-малус жүйесі бойынша ақпарат алуға мүмкіндік бар.