Home Технологиялар Ғаламтор және желі Еліміздің ауыл шаруашылығына сен де үлес қоса аласың

Еліміздің ауыл шаруашылығына сен де үлес қоса аласың

51

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі жұмыссыз жүрген азаматтарға уақытша жұмыс ұсынады. Жақын күндері тұрмыстық қиындыққа тап болған 300 қазақстандықтың телефонына жұмыспен қамтылу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жолданады.

Бұл бастама – Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп қолға алынған ауыл шаруашылығы санағын өткізуге арналған жоба аясында жүзеге асады. Елдің 70 қаласындағы тұрғындарға 1414 нөмірінен арнайы хабарлама жіберіліп, интервьюер қызметіне жұмысқа орналасу ұсынылады.

Санақ екі кезеңмен өтеді: 1–31 тамыз аралығында тұрғындар деректерін онлайн портал арқылы өздері енгізе алады. Ал 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында интервьюерлер ел аралап, халықпен бетпе-бет сұхбат жүргізеді.

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды тірегі. Осы науқанға қатысу арқылы жұмыссыз азаматтар табыс табумен қатар, еліміздің аграрлық саласына да үлес қоса алады.