Home Кәсіби маман Electronica Expo 2025: Астанада электроника саласының басты көрмесі өтеді

Electronica Expo 2025: Астанада электроника саласының басты көрмесі өтеді

8

2025 жылдың 9-11 шілдесі күндері Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында электроника саласына арналған «Electronica Expo Kazakhstan» көрмесі өтеді. Бұл – электрондық компоненттер мен технологиялар, электр техникасы, инновациялық шешімдер, материалдар мен жабдықтар ұсынылатын ірі халықаралық шара.

Аталмыш шара сала көшбасшыларын, заманауи технологияларды және тың шешімдерді бір арнаға тоғыстырады. Көрмеде электрониканың бүкіл саласы қамтылады, яғни шағын компоненттер мен модульдерден бастап, дайын цифрлық шешімдерге дейінгі өнімдер көпшілікке таныстырылады.

Көрмеге алдын ала тіркелу арқылы тегін қатыса аласыз.

«Electronica Expo Kazakhstan 2025» көрмесі еліміздің бірқатар жетекші ұйымдарының қолдауымен өтеді. Атап айтқанда, іс-шараны ұйымдастыруға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы , Астана қаласының әкімдігі, ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Қазақстанның электрондық өнеркәсіп қауымдастығы, Қазақстан IT-компаниялар қауымдастығы, жарықдиод өндірушілері мен жүйелер қауымдастығы (АПСС), «Цифрлық экономика» коммерциялық емес ұйымы, «IT ALLIANCE SWS» ІТ-сервистер және бағдарламалық жасақтама жеткізушілері қауымдастығы, «Инфопарк» ғылыми-технологиялық қауымдастығы, сондай-ақ энергетикалық жабдық өндірушілері мен жобалық-инжинирингтік ұйымдар қауымдастығы атсалысады.

Көрмеге 10 елден 150-ден астам қатысушы, 40-тан астам сарапшы-спикер және 20-дан астам шеберлік сабағы қатысады.

Көрмеде сізді не күтеді:

  • Қатысушы компаниялардың арнайы стендтерінде өндірістік мәселелерге қатысты білікті сарапшылардан кеңес алу мүмкіндігі;
  • Жаңа электронды құрылғылар мен компоненттерді іс жүзінде сынап көру;
  • Өндірістің тиімділігін арттыратын шешімдермен танысу;
  • Сала көшбасшыларымен жеке кездесулер;
  • Көрменің соңғы күнінде арнайы жеңілдіктермен өнім сатып алып, жүлделер ұтысына қатысу мүмкіндігі.

Іскерлік бағдарлама аясында өтетін негізгі шаралар:

  • Халықаралық бизнес-конференция – цифрландыру, автоматтандыру және электроника өнеркәсібінің даму бағыттары туралы жетекші сарапшылар пікір бөлісетін басты алаң;
  • «Креономика» кластері ұйымдастыратын дөңгелек үстел – Индустрия 5.0 дәуірінде электроника өндірісін цифрландыру мен роботтандыру тақырыбын талқылайтын платформа;
  • Робототехника бойынша жарыс – жас таланттар өз жобаларын ұсынып, тың идеяларымен бөлісетін ерекше мүмкіндік;
  • Дрон-футбол турнирі – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы дрон технологиялары интеграторы «AARDVARK» компаниясының ұйымдастыруымен өтеді. Технология, жылдамдық пен шеберлік тоғысатын жарыс;
  • Nexser техникасы қолданылатын аспаздық шеберлік сабағы – заманауи ас үй құралдарының мүмкіндігін іс жүзінде көрсететін дәмге толы тәжірибе сабағы;
  • “AI саласындағы әйелдер” атты пленарлық сессия – Technowomen ұйымының қолдауымен ұйымдастырылатын бұл жиын жасанды интеллект саласындағы жетекші әйел мамандар мен кәсіпкерлердің тәжірибе алаңы болмақ.

ҚР Индустрия және құрылыс министрлігіне қарасты «Энергетиканы дамыту және энергия үнемдеу институтының» ұйымдастыруымен өтетін дөңгелек үстелде энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу технологиялары, оларды өндіріске енгізу жолдары талқыланады.

Electronica Expo Kazakhstan – электроника саласына арналған ең ауқымды іскерлік шаралардың бірі.Көрме аясында өндірушілер мен дистрибьюторлар, технология жеткізушілері мен сатып алушылар, интеграторлар мен саланың дамуына үлес қосып жүрген өзге де мамандар бас қосады.

Саланың соңғы жаңалықтарынан қалыс қалмаңыз!

Көрме туралы толық ақпарат алу үшін бізге WhatsApp арқылы +905368106898 нөміріне хабарласыңыз немесе info@electronica-expo.com электрондық поштасына жазыңыз.