eGov.kz порталы пайдаланушыларға жылжымайтын мүліктің мекенжайын онлайн тіркеу немесе алып тастау мүмкіндігін ұсынады. Бұл процесс халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, жылдам әрі ыңғайлы түрде анықтама алуға мүмкіндік береді. Мекенжайды тіркеу жылжымайтын мүлікке ресми мәртебе беріп, оның мемлекеттік деректер базасында дұрыс сәйкестендірілуін қамтамасыз етеді.
Аталған ақпарат жылжымайтын мүлік иелеріне өз мүліктерін заңды түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Мекенжай коммуналдық қызметтерге (электр, су, газ), интернет, пошта қызметі және басқа да қызметтерге қосылу үшін қажет.
Ресми мекенжайдың болуы құқықтық даулар кезінде мүлік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, өйткені жылжымайтын мүлік “мекенжай тіркелімі” ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Сонымен қатар, мекенжай тіркеуінсіз жылжымайтын мүлік арқылы мәміле жасау — сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар — мүмкін емес.
Бұл қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін ұсынылады.
Қызметті алу үшін пайдаланушы:
— eGov.kz порталында тіркеуден өтіп, «Жылжымайтын мүлік – Сатып алу, сату, жалға алу» бөліміне кіруі керек;
— содан кейін осы бөлімнен «Жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру/алып тастау» қызметін таңдайды;
— қызметті ЭЦҚ арқылы рәсімдеуі қажет.
Қызметті алғаннан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру немесе алып тастау туралы хабарлама немесе бас тарту хаттамасы көрсетіледі. Сұраныстың мәртебесі мен хабарламаны алу күні жеке кабинетте анық көрсетіледі.
Ақпарат АО «Ұлттық ақпараттық технологиялар» негізінде берілді.
[02:32, 29.10.2024] Айгерим: Ақтөбе облысында жол жөндеу үдерісін бақылайтын электронды жүйе іске қосылды
[02:39, 29.10.2024] Айгерим: Ақтөбе облысында автожолдарды жөндеу және салу үдерісін бақылауға арналған “BIRGE PROJECT” электронды жүйесі іске қосылды. Жүйенің артықшылықтары туралы «BIRGE» қауымдастығының төрағасы Арман Евниев айтып берді.
– Жаңа платформа арқылы жол жөндеу жұмыстарының барлық кезеңін, яғни жобалаудан бастап нысанды пайдалануға беру кезеңіне дейін қадағалауға болады. Ең бастысы, құрылыс алаңына бармай-ақ, жөндеу жұмыстарын нақты уақыт режимінде қашықтан бақылау мүмкіндігі бар. Экраннан республикалық маңызы бар жолдардың немесе қалалық көшенің жөндеу жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын көруге болады. Сонымен қатар, жобаның қаржыландыру көлемін платформа арқылы көре аламыз, – деді Арман Евниев.
Қазіргі уақытта жүйеге 2025 жылға жоспарланған жобалар енгізілген. Пайдаланушылар кез келген жоба туралы толық ақпарат алып, пікір қалдыру мүмкіндігіне ие.
Платформада Ақтөбе облысында жүзеге асып жатқан барлық жобалардың мәліметтері ұсынылған. Бұл жүйе арқылы кез келген азамат құрылыс алаңын онлайн тамашалап, жұмыстардың барысымен таныса алады. Сонымен қатар, өңірде қолға алынатын жаңа жобалар туралы ақпарат та көрсетілген.
– Халық жолдарды жөндеу мерзімі мен сапасына жиі шағымданады. Осы жүйенің арқасында біз мұндай шағымдарға жедел жауап беріп, мердігерлердің жұмысын бақылауда ұстай аламыз. Жаңа платформа кемшіліктерді дер кезінде анықтап, жұмыстың әр қадамын қадағалауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті облыс әкімі Асхат Шахаров.
Платформада аудан және басқарма басшыларының қызметін бағалау жүйесі де қарастырылған. Пайдаланушылар жетекшілердің жұмысына баға беріп, пікір қалдыра алады.
Ақпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ берген мәліметтерге негізделген.