Home Бағдарламалар мен қосымшалар e-Maslikhat жүйесі жұмыс процесін айқын, тиімді және жылдам етпек

e-Maslikhat жүйесі жұмыс процесін айқын, тиімді және жылдам етпек

23

Бибігүл Жексенбай депутаттық ұсыныс ретінде e-Maslikhat жүйесін енгізуді ұсынды. Бұл жүйе құжат айналымын автоматтандыруға арналған бірегей цифрлық платформа ретінде қызмет етпек. Оның айтуынша, e-Maslikhat басқа мемлекеттік деректер базаларымен, мысалы, eGov және е-Оtinish жүйелерімен біріктірілуі қажет.

Депутаттың сөзінше, елімізде деректерді талдау мен болжауға арналған құралдар жетіспейді.

“Қазіргі уақытта азаматтардың талқылауларға қатысуы мен шешімдер қабылдауға қатысуына арналған онлайн құралдар жоқ. Автоматтандыру деңгейі төмен, көптеген жұмыс процестері қағаз жүзінде жүреді. Халықпен қарым-қатынас және есеп беру жүйелері стандартталмаған, сандық форматта жүзеге асырылмаған”, – деп түсіндірді Бибігүл Жексенбай.

Қорытындысында, e-Maslikhat жүйесі жұмыстың ашықтығын арттырып, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтады деп сенеді депутат.