Жаңа серіктестік аясында Influencers әзірлеген бейнематериалдар мен оқу бағдарламалары Skills Enbek платформасында қолжетімді болады.
Қазірдің өзінде Skills Enbek пайдаланушылары үшін Influencers сарапшыларының қаржылық сауаттылық бойынша бағдарламалары бар. Алдағы уақытта бұл ынтымақтастық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, жастарға жеке және кәсіби даму үшін мүмкіндік болмақ.
«Skills Enbek платформасы үнемі дамып, азаматтарға жаңа білім мен дағды алуға көмектеседі. Пайдаланушыларымыздың 40%-ы жастар. Олар үшін курстардың өзектілігі, жан-жақты болуы мен сапасы өте маңызды», – деді «ЦРТР» АҚ басқарушы директоры Ольга Киселёва.
Платформа іске қосылғаннан бері Skills Enbek-те 608 курс жарияланды, оның 276-сы тегін. Платформа 474 мыңнан астам тіркелген пайдаланушыға ие, олардың 390 мыңнан астамы оқуды сәтті аяқтап, сертификат алды.