Home Технологиялар Роботы, дроны и ИИ Дрондар мен жаңа технологиялар жол ережесін бұзушыларды анықтайды

Дрондар мен жаңа технологиялар жол ережесін бұзушыларды анықтайды

24

2024 жылдың басынан бері Түркістан облысында жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 439 мыңнан астам жағдай тіркелді.

Облыстық полиция департаментінің патрульдік батальонының қызметкерлері күндіз-түні республикалық және облыстық жолдарда кезекшілік атқарып, жол қозғалысын қадағалайды. Олар «Кибер-шереф», «Кордон про М» жүйелері мен дрондардың көмегімен ереже бұзушыларды анықтап, апаттардың алдын алуға күш салады.

Қазіргі заманда технологиялар — полиция қызметкерлерінің маңызды көмекшілері. Бұл құрылғылар үш жолақтағы қозғалысты бір уақытта бақылап, 150 метр қашықтықтан көліктердің жылдамдығын тіркей алады. Олар ереже бұзған жүргізушілерді мемлекеттік тіркеу нөмірлері арқылы танып, инспекторға хабар беріп, заң бұзушылықты дереу тіркейді.

«Кибер-шереф» жүйесінің арқасында іздестіріліп жатқан көліктерді тез арада анықтау мүмкіндігі бар.

Түркістан облысындағы жол апаттарының ең басты себептерінің бірі — жылдамдықты асыру.