25 қаңтардан бастап Астана-Алматы бағыты бойынша жүретін пойызда тегін интернетті сынақтан өткізу басталды, деп хабарлайды “Астана: Не? Қайда? Қашан”.
Интернет қосылымы спутниктік технологиялар арқылы жүзеге асады. Жолаушылар WhatsApp пен YouTube қолданбаларын пайдалана алады, бірақ жүктеуге арналған сайттарға қолжетімділік шектеледі.
Сонымен қатар, вагондарда билет тексеру үшін мобильді терминалдар, вагон-ресторанда картамен төлем жасау мүмкіндігі және бейнебақылау жүйесі орнатылады.
Тестілеу аяқталған соң ақылы пакеттерді енгізу жоспарланған.