Қазіргі уақытта киберқылмыскерлер үшін дипфейк технологиясы құпия деректерді ұрлау мен қаржы алаяқтықтарын жасауға арналған маңызды құралға айналды.
Дипфейк – жасанды интеллект арқылы өңделген фото, видео немесе аудио жазба.
Бұл технология адамның сыртқы бейнесін дәл қайта құрастыруға, дауысын, мимикалық қимылдарын модельдеуге, сондай-ақ ол ешқашан айтпаған сөздерді жасанды түрде сөйлетуге мүмкіндік береді. Кейбір цифрлық платформалар бірнеше секундтық бейне немесе дыбыстық үлгі негізінде толыққанды дипфейк бейнежазба мен аудиоматериал әзірлей алады.
Дипфейк технологиясы қылмыскерлерге бірқатар заңсыз әрекеттер жасауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, олар:
басқа адамның атынан әрекет жасап, банктік есепшоттарға қол жеткізе алады;
ақшаны қолма-қол алып, жалған несие рәсімдейді.
Дипфейкті қалай тануға болады?
Егер бейнедегі адам қалыптан тыс жыпылықтаса, кейде көрініп-білінбей жоғалса, сөздері мәнсіз болса, аздап тілдеуі қиындаса немесе дауысы робот тәрізді шықса, сақ болу қажет. Таныс адам шұғыл ақша аударуды сұрап қоңырау шалған жағдайда сөйлесуді тоқтатып, қайта қоңырау шалсаңыз, шынайы адаммен сөйлескеніңізді тексеруге болады.
Қауіпсіздік шаралары
Дипфейк қолданатын киберқылмыскерлерге қарсы басты әдіс – пайдаланушыларды осындай алаяқтық схемалардан хабардар ету және цифрлық қауіпсіздікті сақтау. Сонымен қатар, фото мен видеоматериалдарды арнайы онлайн-құралдар арқылы тексеру ұсынылады.
Есте сақтаңыз, кепілдік табысқа кепілдік беретіндер тек алаяқтар ғана. Қылмыскерлер түрлі инвестициялық платформаларда ақша табуды ұсына отырып, жеке деректерді жалған сайттарға қалдыруды және шағын қаражат аударуды сұрайды. Танымал адамдардың бейнесі мен атын пайдаланған жарнамаларға сенбеу қажет.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын тұрақты жүзеге асырады, соның ішінде қаржы ұйымдарының мобильді қосымшаларының киберқауіпсіздігіне мән береді. Қазіргі таңда қашықтан қызмет көрсету кезінде екі факторлы сәйкестендіру және биометриялық деректерді міндетті пайдалану талап етілген.
Қосымша пайдалы ақпаратты Fingramota.kz сайтынан оқуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
press@finreg.kz












