Home Технологиялар Ғаламтор және желі Digital Almaty 2025: Жасанды интеллект саласындағы жарыста кім үздік атанды?

Digital Almaty 2025: Жасанды интеллект саласындағы жарыста кім үздік атанды?

13

Жасанды интеллект саласындағы ең үздік шешімдерді анықтау мақсатында өткен Industrial AI Battle байқауы Digital Almaty 2025 форумының маңызды сәттерінің бірі болды.

200-ден астам стартап өз идеяларын ұсынып, инновация, ауқымдылық және инвестициялық тартымдылық бойынша сынға түсті. Финалға шыққан 15 жобаның ішінен қазылар алқасы төрт үздік стартапты анықтады. Сонымен, кімдер жеңіске жетті, қандай стартаптар ерекше марапатқа ие болды?

Digital Almaty 2025: Жасанды интеллект саласындағы жарыста  кім үздік атанды?

“Industrial AI Battle” байқауында жасанды интеллектіні әртүрлі салаларға тиімді енгізе алған төрт үздік стартап анықталды. Олар өздерінің инновациялық шешімдерімен ерекшеленіп, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін кеңейтуге айтарлықтай үлес қосты.

“Most Disruptive” – Epsilon3.ai
Epsilon3.ai мемлекеттік сектордағы шешім қабылдау және болжамдау процестерін жасанды интеллект көмегімен жақсартуға бағытталған. zGAN технологиясы арқылы ұйымдар шығындарды оңтайландырып, ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз етеді.

“Best Scale Ability” – Finflow
Finflow – ШОБ пен банктер үшін қаржы директорының рөлін атқаратын AI-платформа. Ол кәсіпкерлерге қаржылық жоспарлау, есеп беру және ақша ағындарын басқару процесін автоматтандыруға көмектеседі. Бухгалтерлік және төлем жүйелерімен бірігіп, деректерді өңдеуді жеңілдетеді.

Digital Almaty 2025: Жасанды интеллект саласындағы жарыста  кім үздік атанды?

“Best ROI Potential” – Arlan Biotech
Arlan Biotech – генеративті жасанды интеллект негізінде дәрі-дәрмек әзірлеу процесін жеделдететін SaaS-платформа. Бұл технология зерттеулерді алты айға дейін қысқартып, рак, аутоиммунды аурулар және диагностикаға арналған наноденелерді бір мезгілде әзірлеуге мүмкіндік береді.

“Best Sustainability Impact” – Qala AI
Qala AI – қалалардың тұрақты дамуы үшін геоаналитикалық және AI шешімдер әзірлейтін стартап. Оның Resilient City Platform (RCP) жүйесі қала инфрақұрылымын мониторинг, талдау және жоспарлауға арналған.

Бұл стартаптар жасанды интеллектінің болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Digital Almaty 2025: Жасанды интеллект саласындағы жарыста  кім үздік атанды?

Байқау жеңімпаздарына 15 000 АҚШ долларынан қаржылай сыйлық берілді. Бұдан бөлек, бірқатар стартаптар серіктестер тарапынан арнайы жүлделерге ие болды:

Qala AI – 10 миллион теңге көлемінде бұлттық сервистер, 1 миллион теңге жарнамалық науқан және Яндекс Карт API платформасында жылына 2,5 миллион теңгеге дейінгі сұраныс мүмкіндігі (Yandex компаниясы).

Horus Mine – Ресейдегі венчурлық форумға 2025 қатысу билеттері, бизнес бағдарламаларға қосылу, питч-шоуға қатысу және форумның бірінші күніндегі жабық кешке кіру мүмкіндігі (Innopolis).

Digital Almaty 2025: Жасанды интеллект саласындағы жарыста  кім үздік атанды?

Finflow – 1 жылдық резиденттік және АҚШ нарығына шығуға қолдау көрсету қызметтері, хабтың инфрақұрылымына толық қолжетімділік (Silkroad).

Chrome AI – 10 миллион теңгеге бұлттық сервистерге жазылым (VK Cloud).

Digital Almaty 2025: Жасанды интеллект саласындағы жарыста  кім үздік атанды?

Onco Zero AI және Pleep – Smartpoint тарапынан офис кеңістігі беріледі.

Pleep – 10 000 АҚШ доллары көлемінде қосымша қаржылай жүлде («Қазақтелеком» компаниясы).

Байқау қатысушыларының жобаларын мемлекеттік органдардың өкілдері, венчурлық инвесторлар, сала көшбасшылары мен трекерлерден құралған қазылар алқасы бағалады.

Digital Almaty 2025: Жасанды интеллект саласындағы жарыста  кім үздік атанды?

Industrial AI Battle – жасанды интеллект саласындағы үздік шешімдерді анықтауға бағытталған маңызды алаң. Байқау стартаптарға жаңа мүмкіндіктер ашып, технологиялық дамуға серпін берді.