Цифрлық технологиялардың дамуының арқасында ақпарат көлемі үнемі артып, кәсіпорындар мен бизнестің икемді әрі қуатты шешімдерге деген сұранысы жоғарылап отыр. Қазіргі таңда заманауи бизнестің ең жоғары талаптарына жауап беретін шешімдер қажет, олар жоғары өнімділікті және үздіксіз сенімділікті қамтамасыз ете алады.
Осылайша, Hewlett Packard Enterprise (HPE) компаниясының ProLiant Gen 12 деректерді басқару құрылғысы – жаңа буын серверлері болып есептеледі және қазіргі бизнестің міндеттерін шешуге ең қолайлы шешімдердің бірі деп айтуға болады.
Енді HPE ProLiant Gen 12 құрылығыларының жаңартылған желісінің артықшылықтары мен ерекшеліктеріне тоқталайық.

Жоғары өнімділік
HPE ProLiant Gen12 серверлері заманауи процессорлар мен деректер сақтау технологияларын пайдалану арқылы күрделі жұмыс жүктемелерін тиімді өңдеуге мүмкіндік береді, себебі олар жоғары өнімді есептеулер мен үлкен ақпарат көлемін өңдеуге арнаулы оңтайландырылған соңғы үлгідегі процессорлармен жабдықталған.
Бұл серверлер қазіргі заманғы есептеу жүктемелеріне, соның ішінде жасанды интеллект және үлкен деректермен жұмыс істейтін IT-қосымшаларына арналған. Олардың қуатты процессорлары мен жетілдірілген архитектурасы көлемді деректермен тиімді жұмыс істейді, бұл әртүрлі бизнес салаларындағы өсіп келе жатқан жүктемелерді өтей алады.
Икемділік пен ауқымдылықтың кеңейтілген мүмкіндіктері
Серверлердің ауқымдылығы модульдік құрылыммен және конфигурацияларды өзгерту мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі, бұл оларды бизнес қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді, деректерді сақтау мен бұлтты шешімдерден бастап жоғары өнімділікті есептеулерге дейін. Қажеттілікке қарай, HPE ProLiant Gen12 серверлері тікелей немесе көлденең бағытта ауқымдалып, кеңейтіледі.
Серверді басқаруды оңтайландыру үшін HPE iLO (Integrated Lights-Out) платформасын пайдалану ұсынылады. Бұл интеграцияланған технологиялардың кешені болып табылады және қашықтан басқаруды қамтамасыз етеді. Бұл IT-инфрақұрылымды пайдалану процесін айтарлықтай жеңілдетіп, жабдықты бақылауды, микробағдарламаны жаңартуды жеңілдетеді, сондай-ақ қолдауға кететін шығындарды азайтады.

Жасанды интеллектпен үйлесімді жұмыс істей алатын болашаққа арналған шешім
HPE ProLiant Gen12 серверлері жасанды интеллект, машиналық оқыту және аналитика сияқты инновациялық технологиялардың кең ауқымын қолдайды. Олар AI негізінде шешімдер әзірлеу және қолдану платформаларымен бірігуге қабілетті, бұл шешім қабылдау үрдісін жылдамдатуға, бизнес операцияларын оңтайландыруға және бәсекеге қабілеттілікті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллектімен интеграция жасауға және машиналық оқытуды белсенді дамытатын компаниялар үшін HPE ProLiant Gen 12 серверлерінің AI-ға арналған соңғы құралдар мен бағдарламалық платформаларымен жұмыс істеу мүмкіндігі ерекше маңызды (TensorFlow және PyTorch). Бұл мүмкіндік жасанды интеллект модельдерін оқыту мен тестілеуге жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.
Энергия тиімділігі
Үлкен компаниялар серверлік жабдықты таңдағанда оның энергия тиімділігін міндетті түрде ескереді. HPE ProLiant Gen серверлерін пайдалану энергия тұтынуды айтарлықтай азайтып, оны пайдаланумен байланысты қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Ал энергияның динамикалық басқарылуы мен салқындатуды оңтайландыру оны пайдаланудың экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік және сенімділік
Ақпарат қауіпсіздігі мен киберқатерлерден қорғау – кез келген заманауи бизнестің басты міндеттерінің бірі. HPE ProLiant Gen 12 серверлері деректерді сақтау деңгейінде бұғаттау және бөгде адамның рұқсатсыз кіруінен қорғау сияқты жетілдірілген қауіпсіздік механизмдерін қамтиды.
HPE Silicon Root of Trust функциясы туралы бөлек айтуға болады. Ол серверді сенімді қорғап, жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету арасында зиянды бағдарламалар мен вирустардың пайда болуын дерлік мүмкін етпейді, сонымен қатар жүйені жүктеу немесе пайдалану процесіне араласуға әрекет жасауды болдырмайды.
HPE ProLiant Gen 12 серверлері жоғары сенімділікке ие және маңызды қосымшалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Бұлтты басқару

HPE ProLiant Gen 12 серверлерінің гибридті бұлттық шешімдермен интеграциясы тек жергілікті инфрақұрылымда ғана емес, сонымен қатар бұлтта жұмыс істейтін компаниялар үшін де өте қолайлы, ол бұлтта үйлесімді және қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етіп, икемді ауқымдылық пен біртұтас басқаруды ұсынады.
Қорытынды
Үлкен бизнес міндеттерін шешу үшін IT-шешімдер жоғары өнімді және әртүрлі жұмыс жүктемелеріне барынша сәйкес келетін есептеу ресурстарын ұсынуы тиіс, соның ішінде жасанды интеллект, аналитика, бұлттық жүйелер, графикаға бай қосымшалар, машиналық оқыту және т.б. Олар оңай басқарылатын және жоғары деңгейдегі қорғанысты қамтамасыз ететін болуы керек.
“Comportal” командасы – әлемдегі ең үздік IT-компаниялардың дистрибьюторы, сіздің бизнесіңіздің дамуына қолдау көрсетуге қуанышты болады. Барлық сұрақтарыңыз бойынша Comportal командасына хабарласыңыз.