Home Технологиялар Дауыстық роботтар Алматы емханаларында науқастарға қызмет көрсетуді жеңілдетті

Дауыстық роботтар Алматы емханаларында науқастарға қызмет көрсетуді жеңілдетті

21

Алматы қаласындағы барлық емханаларда ADMC жобасы аясында дауыстық роботтар енгізілді. Олар күн сайын жүздеген қоңырау шалып, қала тұрғындарын вакцинацияға, скринингке, флюорографияға және профилактикалық тексерулерге шақырады.

Бұрын медбике күніне тек 15–20 қоңырау шала алатын, соған көп уақыт пен күш жұмсайтын. Енді бұл қарапайым жұмыстар робот арқылы автоматты түрде жасалып, пациентпен байланыс орнатып, тексеруден өту қажеттігін алдын ала еске салады.

«Дауыстық роботтар біздің жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетті. Енді біз науқастармен сөйлесуге және сапалы медициналық көмек көрсетуге көбірек көңіл бөле аламыз.Бұл уақыт пен күшімізді үнемдейді, ал қала тұрғындары профилактикалық тексерулер туралы дер кезінде ескерту алады», – дейді №3 қалалық емхана медбикесі Бақыт Құсаинова.

Роботтар қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді және жауап алынғанша қайта-қайта қоңырау шалады. Жасанды интеллект жүйесінің арқасында олар бір уақытта мыңдаған қоңырауды өңдей алады, бұл емханалардың жұмысын тиімдірек етіп, қызметкерлерді жеңілдетеді.

Жоба Almaty Digital Medical Center арқылы жүзеге асырылды. Бұл заманауи цифрлық медицина орталығы, ол негізгі денсаулық сақтау қызметтерін біріктіреді. Орталық денсаулық көрсеткіштерін бақылап, дәрігерлерге науқастарға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік беретін 1312 бірыңғай байланыс орталығын басқарады. Сонымен қатар телемедициналық патронаж және онлайн кеңестер енгізіліп, медициналық көмек қолжетімді әрі ыңғайлы болды.

ADMC жобасы цифрлық шешімдер медқызметкерлерге қалай қолдау көрсететінін және науқастарға көмектесетінін көрсетіп, Алматыдағы денсаулық сақтау саласын заманауи әрі тиімді етеді.