Home Кәсіби маман Қазақстандық оқушылар олимпиада жылын сәтті аяқтады

Қазақстандық оқушылар олимпиада жылын сәтті аяқтады

132

Александрияда информатика пәні бойынша IOI-2024 халықаралық олимпиадасы аяқталды. 90 елден келген 350 қатысушы арасында Қазақстан құрамасы төрт медаль — үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.


-🥈Максим Цой — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
🥈 Мансұр Таймас — Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
🥈 Назар Серазитдинов — Haileybury Almaty мектебінің 11-сынып оқушысы;
-🥉Ахмет Иса — Қызылорда облыстық С. Шаухаманов атындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.


Жетекшілері: Темірлан Сатылханов — ACM бас жаттықтырушысы, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Astana IT University; Айбар Қуанышбай — IITU магистранты, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.


Бұл сәтті нәтиже – қазақстандық оқушылардың биылғы халықаралық олимпиаданы жемісты аяқтауын білдіреді. Біздің ұлттық командалар жеті беделді халықаралық олимпиадада, атап айтқанда, IMO (математика), IPhO (физика), IBO (биология), IChO (химия), IOL (лингвистика), IGeO (география) және IOI (информатика) пәндерінен сынға түсті. Нәтижесінде ұлттық қоржынға 26 медаль мен 1 грамота қосылды.


Анықтап өтсек: халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ оларды дайындаған мұғалімдер мемлекеттен бір реттік сыйақы алады. Алтын медаль жеңіп алған оқушыға 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.