Home Интернет и сеть Дау-дамайдың астында қалған TikTok.Желінің болашағы қандай болмақ?

Дау-дамайдың астында қалған TikTok.Желінің болашағы қандай болмақ?

73

Балалардың жеке деректерін таратқаны үшін TikTok желісінің үстінен сотқа арыз түсті. Техас штаты әлеуметтік желіден әрбір расталған факт үшін 10 000 доллар талап етуде, деп хабарлайды Reuters.com.

Қандай жағдай орын алды?

Техас штатының генерал прокуроры Кен Пэкстон TikTok платформасының «Интернеттегі балаларды қорғау» заңын (SCOPE) бұзғанына сенімді. Әлеуметтік желі балалардың құпиялылық жағынан құқықтарын сақтамады деп айыпталуда. Себебі, аталмыш желі кәмелетке толмағандардың жеке ақпаратын ата-аналар немесе заңды қамқоршылардың келісімінсіз таратуда.

TikTok-тың жетекші компаниясы ByteDance балалар парақшаларының құпиялылығын басқару құралдарын ұсынбайды және жабық парақшалардың ақпаратын таратады. Сонымен қатар, платформаның балаларға арналған мақсатты жарнамасы туралы да шағымдар бар.

Барлығына ескерту

Пэкстон «TikTok –тек бастамасы. Басқа ірі технологиялық компаниялар да балаларды пайдаланғаны және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ете алмағыны үшін жауапқа тартылуы тиіс» деп атап өтті.

Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау мәселесі қайта қаралуда. Тыйым салудың орнына контентті қатаң бақылау ұсынылды. Сенатор Геннадий Шиповских бұл ұсынысты қолдайды. Оның сөздері қазіргі таңда Еурокомиссияның ЕО үкіметіне TikTok-тың контентті алға тарту алгоритмдерін беру талабымен үндесіп отыр — Қазақстан да дәл осындай талап қойып отыр.

Сенатордың пікірінше, TikTok-ты қалай қауіпсіз етуге болады?

– TikTok экстремизм, радикализм және сепаратизмді анықтау және шектеу бойынша нақты алгоритм ұсынады. Сондай-ақ, моральдық құндылықтарға қайшы келетін контентті сұрыптайды;

– TikTok балаларға қауіпті онлайн-контенттен қорғау мақсатында YouTube Kids сияқты арнайы балаларға арналған желі ұсынады;

– 13 жасқа толмаған балалардың TikTok-қа кіруін Face ID технологиясымен бұғаттау тәсілі қарастырылуы тиіс.

Сенатор Францияның TikTok-қа шектеулер енгізу тәжірибесін сәтті мысал ретінде атап өтті. Ал Қырғызстан TikTok-ты толықтай бұғаттау шешімін қабылдады.

«TikTok-тағы дезинформация мен провокациялық контенттің таралуы елдегі әлеуметтік тұрақтылыққа теріс әсер етуі мүмкін. Дезинформацияның кең таралуы алаңдаушылық туғызып, қоғамдық пікірді бұрмалауы мүмкін», — дейді Шиповских.