Home Кәсіби маман Аналитика Цифрлық радиожелі төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге көмектеспек

Цифрлық радиожелі төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге көмектеспек

25

Қазақстанда төтенше жағдайлар қызметтерін біріктіретін бірыңғай цифрлық радиожелі іске қосылады. Жаңа жүйе төтенше оқиғалардың көбеюі аясында жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді. ТЖМ мәліметінше, қауіпсіздік заманауи технологиялармен бірге дамуы тиіс, ал басты бағыт – мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінде цифрлық УКҚ байланысын дамыту.

«2025 жылдың басынан бері ведомствоаралық цифрлық байланыс платформасын құру бойынша ауқымды жұмыс басталды. Мұндай жүйенің ТМД аумағында әзірге баламасы жоқ», – деп хабарлады министрлік.

Алғашқы кезеңде ТЖМ, ІІМ және Ұлттық ұланның бытыраңқы радиожелілері біріктірілді. Қазіргі таңда инфрақұрылымдық интеграция 13 өңірді қамтып отыр.

Жыл соңына дейін Шымкент, Абай, Петропавл, Қызылорда және Ақтау қалаларында тағы сегіз транкингтік базалық станция орнатылады. Сонымен қатар төтенше жағдай бөлімшелері үшін 1100-ден астам тасымалды радиостанция, ондаған ретранслятор, спутниктік телефон, дрондар мен мобильді байланыс жабдықтары сатып алынып жатыр.

ТЖМ өкілдерінің айтуынша, жаңа жүйе қызметтердің өзара үйлесімділігін арттырып, әрекет ету уақытын қысқартып, құтқару операцияларының тиімділігін едәуір жоғарылатады.