Home Технологиялар Ғаламтор және желі Цифрландыру және заманауи стандарттар: Қарағанды өлкетану музейінде жаңарту жұмыстары жүргізілмек

Цифрландыру және заманауи стандарттар: Қарағанды өлкетану музейінде жаңарту жұмыстары жүргізілмек

64

Қарағанды облысының тарихи-өлкетану мұражайы  жаңарту жұмыстарын жүргізу  үшін уақытша жабылды. Жаңарту жұмысы бір жылға созылады. Мұражай  заманауи талаптарға сай жабдықталмақ.

Соңғы жаңартудан бері Қарағанды тарихи-өлкетану мұражайында 13 жыл өтті. Осы уақыт ішінде экспонаттарды рәсімдеу мен халыққа  ұсыну  моральдық тұрғыдан ескірді.

– Біз көршілес елдер мен Астана ,Алматы қалаларындағы тарихи-өлкетану музейлерін араладық. Олардағы экспозициялардың қалай безендірілгенін көрдік және осы тәжірибені қолданғымыз келеді. Сонымен қатар, тарих та бір орында тұрмайды: жаңа ашылымдар, жаңа деректер мен есімдер пайда болуда. Осының бәрін ескере отырып, біз жаңартужұмыстарын  жүргізуге

Цифрландыру және заманауи стандарттар: Қарағанды өлкетану музейінде жаңарту жұмыстары жүргізілмек

Жөндеу жұмыстары  байқау нәтижесінде таңдалған дизайн-жобасына сәйкес жүргізіледі. Аталмыш жұмыс цифрлық және мультимедиялық элементтерді қамтиды. Әр экспонаттың жанында қосымша ақпаратқа сілтеме жасайтын QR-код болады. Сондай-ақ, келуші көрермендердің ыңғайлылығы үшін музей залдарында мультимедиялық экрандар орнатылады.

– Біз жаңарту жұмыстарын асыға күтеміз. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары енді басталды, сондықтан да мұражайдың қандай болатынын толық айта алмаймын. Біз мұражай  қонақтарын таңғалдыратын  тосын сый жасауға ниеттіміз, – деді Ержан Ермағанбетов

Цифрландыру және заманауи стандарттар: Қарағанды өлкетану музейінде жаңарту жұмыстары жүргізілмек

Алдағы жылы өлкетану мұражайының жұмысы көрермендер үшін тоқтатылмақ, бірақ оның қызметкерлері жұмысты жалғастырады. Олар көшпелі экспозициялар ұйымдастырып, ағартушылық және мәдени шараларға қатысады. Музей жайлы соңғы жаңалықтарды мұражайдың Instagram парақшасы арқылы (@muzeum_krg) таныссаңыз болады.