OpenAI компаниясы келесі жылы ChatGPT жасанды интеллект жүйесін пайдаланатын адамдар саны 1 миллиардқа жетуі мүмкін екенін болжайды. Бұл – әлем халқының әр сегізінші тұрғыны осы сервиске жүгінеді деген сөз.
Компания чат-боттың қолжетімділігін арттыру, мүмкіндіктерін жетілдіру және оны түрлі платформаларға кеңінен енгізу арқылы аудитория аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде ChatGPT-ді әлемнің миллиондаған тұрғыны күнделікті жұмысы мен білім алу барысында қолдануда.
Сарапшылардың пікірінше, жасанды интеллект технологияларының дамуы адамдардың ақпарат іздеу, коммуникация және шығармашылықпен айналысу тәсілдерін түбегейлі өзгертіп жатыр. Ал OpenAI бұл үдерісте көшбасшылардың бірі болып қала бермек.