Home Технологиялар Қосымшалар мен бағдарламалар Шетелдіктерге арналған QazETA қосымшасы іске қосылды

Шетелдіктерге арналған QazETA қосымшасы іске қосылды

16

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, шетел азаматтары Қазақстанға келмей-ақ, Астана халықаралық қаржы орталығының негізінде өз ісін бастай алады.

Бұл мүмкіндікке қол жеткізу үшін арнайы QazETA атты мобильді қосымша әзірленген. Қосымша Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктерге арналған түрлі қызметтерді бір жерге жинақтайды. Олардың қатарында:

1.Цифрлық мемлекеттік қызметтер – виза рәсімдеу, тұратын жері бойынша тіркелу және басқа да көші-қон қызметтері;

2.Туризм – ел ішіндегі көрнекті орындар туралы мәлімет алу, сапарға арналған турлар таңдау, қонақүйге тапсырыс беру және жол билеттерін сатып алу қызметтері.

3.Байланыс пен көлік – SIM-карта сатып алу, көлік жалдау, такси шақыру, қоғамдық көлікке төлем жасау мен кестесін көру мүмкіндіктері;

4.Бизнес пен инвестиция – Astana Hub, AХҚО туралы мәліметтер мен бизнеске арналған сервистер;

5.Қауіпсіздік – шұғыл байланыс нөмірлері мен медициналық көмекке қол жеткізу.

«2025 жылдың 15 шілдесінен бастап QazETA қосымшасы пилоттық жоба аясында PlayMarket-ке жүктелді. Ал App Store платформасына осы соңына дейін App Store-да да жарияланады», – деді министр.

Министрдің айтуынша, биыл қазан айында қосымшада екі жаңа мүмкіндік іске қосылады. Бірі – ETA (электронды сапар рұқсаты), яғни визасыз елдердің азаматтарына Қазақстанға келу үшін алдын ала электронды рұқсат беру жүйесі. Екіншісі – E-residency. Бұл – Эстония мен Сейшел үлгісіндегі электронды резиденттік жүйесі. Осы арқылы шетел азаматтары Қазақстанға келмей-ақ, АХҚО юрисдикциясында заңды тұлға ретінде тіркеліп, кәсіпкерлікпен айналыса алады.