Home Технологиялар Роботы, дроны и ИИ Casio компаниясы Moflin атты үлпілдек роботты сатылымға шығармақ

Casio компаниясы Moflin атты үлпілдек роботты сатылымға шығармақ

116

Жапонияның Casio компаниясы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін Moflin атты ерекше үй роботын сатуға тапсырыстар қабылдауды бастады. Бұл жұмсақ робот Vanguard Industries стартапымен бірлесіп жасалған және алғаш рет CES 2021 көрмесінде жұрт назарына ұсынылды.

Moflin-нің басты мақсаты – үй жануары ретінде отбасы мүшелеріне эмоционалды қолдау көрсету. Әзірлеушілердің айтуынша, әрбір роботтың өзіне тән мінезі бар және ол белгілі бір жағдайларға сәйкес мінез-құлқын өзгерте алады. Moflin иесінің құшақтауы, қол қимылдары және жағымды дыбыстар сияқты әрекеттерге жауап беріп, қарым-қатынасқа түседі. Робот оқуға бейімделген, сондықтан онымен араласу деңгейіне қарай мінезі дамып, жетіле түседі.

Сонымен қатар, Moflin Bluetooth арқылы арнайы қосымшаға қосылып, толыққанды жұмыс істей алады. Қуат алу кезі ұйқыға арналады, ал кірлегенде оның сыртқы қабаты оңай алынып, жуылады. Casio өкілдерінің мәліметінше, Moflin Жапония аумағында 7 қарашада сатылымға шығып, шамамен бағасы 400 долларды құрайды.

https://vk.com/video-55140219_456239347?ref_domain=techcult.ru