Home Технологиялар Роботы, дроны и ИИ Польшада ЖИ журналистердің орнын басуда

Польшада ЖИ журналистердің орнын басуда

42

Польшадағы OFF Radio Kraków радиостанциясы жаңа өзгерістер енгізді. Радио фрилансер-журналистердің синтетикалық жүргізушілерді пайдалана бастады. Ал соңғы жаңалық ретінде олар Нобель сыйлығының лауреаты Вислава Шимборскаямен сұхбат жүргізді. Таңғалдыратын жайт, ол 12 жыл бұрын, яғни 2012 жылдың 1 ақпанында өмірден өткен.

Маңызды ақпарат

22 қазан күні OFF Radio Kraków радиостанциясы жаңа жасанды интеллектпен жасалған үш жүргізушіні жұмысқа қабылдады. Олар таңғы бағдарламалар мен жаңалықтар бөлімін жүргізіп, бұрынғы фрилансер қызметкерлерді алмастырды.

Бірінші бағдарламада жасанды интеллектпен жасалған жүргізуші Эмми Польша поэтесі, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Вислава Шимборскаямен сұхбат жүргізді. Шимборскаяның бейнесі сұхбатта қолданылғанын медиа портал The Warsaw мәлімдеді. Радио станциясы поэтесса Фондының рұқсатын алған болатын.

Краковтағы «Wyborcza» газетіне берген сұхбатында OFF Radio Kraków бас редакторы -Марцин Пулит 11 қараша күнгі шығарылымда Польша мемлекетінің алғашқы басшысы және 1935 жылы қайтыс болған Юзеф Пилсудскийдің бейнесі де қолданылатынын хабарлады.

Алайда бұл жаңашылдыққа бәрі бірдей қуанышты емес. Жаңа жүргізушілер туралы жаңалық мәлім болғаннан кейін радионың бұрынғы қызметкерлері петиция жариялап, синтетикалық жүргізушілердің жұмысын тоқтату үшін 19 мыңнан астам қол жинады.

Автор : Тимофей Петрищенко