Home Ойын-сауық «Bionic Bay» ойыны ресми таныстырылды

«Bionic Bay» ойыны ресми таныстырылды

13

Steam және PS Store платформаларында «Bionic Bay» атты жаңа ойынның тұсауы кесілді. Бұл – ойыншыны өмір мен өлімнің арасында жүріп, жұмбақ биомеханикалық әлемнен аман шығуға жетелейтін ерекше шытырман оқиға.

Ойынның басты кейіпкері – белгісіз себеппен оғаш әлемге тап болған ғалым. Қатерге толы бұл жұмбақ әлемде әрбір қадам – қауіп пен тосын жағдайға толы сынақ. Ойын барысы тек жылдамдыққа ғана емес, дәлдікке, қисынды ойлауға және сәттілікке де тәуелді.

Басты ерекшелігі – айналадағы кеңістікті басқарып, ауырлық күшін өзгерту мен уақытты баяулату арқылы кедергілерден өтуге болады. Ойын физикалық заңдылықтарға негізделгендіктен, кейіпкердің әр әрекетіне әлем нақты жауап қайтарады.

«Bionic Bay» ойыны ресми таныстырылды

«Bionic Bay» шетелдік сыншылардан жоғары баға алды. Metacritic сайтында 86, ал OpenCritic платформасында 90 ұпай еншіледі. Көбі ойындағы тың шешімдер мен әртүрлі деңгейлерге құрылған құрылымын, сондай-ақ көркем безендірілуін ерекше атап өтті. Жанкүйерлердің пікірінше, бұл ойын Limbo мен Badland сынды танымал жобаларды ұнататындар үшін таптырмас таңдау болмақ.

Дегенмен, ойын кемшіліксіз емес. Кейбір ойыншылар алғашқы деңгейлердің бірсарынды екенін, ал музыкалық сүйемелдеуінің әсер қалдырмайтынын алға тартқан. Сондай-ақ оқиға желісінің тұтас баяндалмай, әлемнің түкпір-түкпіріне жасырылған мәтіндер арқылы берілуі де баршаға бірдей ұнай қоймаған.

Соған қарамастан, «Bionic Bay» – тың идеяларға толы ерекше жоба. Ойыншыны терең ой мен сезімге жетелейтін бұл шытырман оқиға жанрындағы жаңа леп деуге болады.