Құжаттарды растау енді мобильді қосымша арқылы оңай әрі қолжетімді болмақ. eGov Mobile қосымшасы азаматтарға орта, техникалық, кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау қызметін ұсына бастады. Бұл жаңалық білім құжаттарын жоғалтқан немесе шетелде білім алған азаматтар үшін қолайлы болмақ.
Қызметті қалай пайдалануға болады?
- eGov Mobile қосымшасына кіріп, «Қызметтер» бөліміне өтіңіз.
- «Білім» санатынан «Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім туралы құжаттарды тану» қызметін таңдаңыз.
- Қажетті ақпаратты енгізіп, құжаттарды тіркеңіз және жеке деректерді пайдалануға келісім беріңіз.
- Өтінішті Face ID немесе Touch ID арқылы растаңыз.
Мобильді қосымша қызметті оңай әрі тез алуға мүмкіндік береді. Өтінішіңіздің мәртебесін қосымшадағы Жеке кабинеттен бақылауға болады.
Бұл қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды. Енді құжаттарды растау барынша жеңіл әрі жылдам орындалмақ.
Жоба мақсаты – азаматтарға ыңғайлы әрі сапалы қызмет көрсету!