IndieGO және My Little Studio компаниялары бірлесіп, жаңа хоррор-адвенчура, Beyond The Darkness-ты шығарды.
Бұл ойын ойыншыларды қайғылы оқиғалар мен қараңғы әлемге апарады, онда басты кейіпкер – Милли атты кішкентай қыз өзінің ата-анасын тауып, қорқынышты әлемнен аман шығуы керек.
Ойынның сюжеті жас қыздың әлеміндегі жарқын естеліктермен байланысты. Бірақ бұл әлемде жарық пен қараңғы арасындағы күрес маңызды рөл атқарады. Ойыншыларға Миллиге көмек көрсету, оның ішкі қорқыныштарымен күресіп, қауіпті күштермен айқасу қажет. Ойын барысында қыздың қолындағы шам арқылы қараңғылыққа қарсы күресу керек болады.
My Little Studio – төрт адамнан тұратын шағын инди-команда. Жоба алғашқы прототипін 2017 жылы көрсеткенімен, студия ресми түрде 2020 жылы құрылды. Қазір олар өздерінің алғашқы ойынын шығаруда.
Жобаны әзірлеушілер «Beyond The Darkness» ойынының кішкентай балаларға арналмағанын ескертті. Әсіресе, балалық шағына оралып, қорқынышты ертегілерді қайтадан бастан кешіргісі келетін ересектерге арналғанын атап өтті.