Home Аналитика Baidu жануарлар тілін аударатын ЖИ әзірлеуде

Baidu жануарлар тілін аударатын ЖИ әзірлеуде

20

Қытайдың ірі технологиялық компаниясы Baidu үй жануарларының дауысын аударып беретін жасанды интеллект жүйесіне патент алу үшін өтініш тапсырды. Бұл туралы Қытайдың Зияткерлік меншік жөніндегі ұлттық басқармасы хабарлады. Жоба әлі зерттеу кезеңінде болғанымен, компания бұл бағыттың болашағына сеніп, технологиялық бәсекеде өз орнын алуға ниетті.

Baidu бұл жаңалықты тек ғылыми тәжірибе емес, нақты табыс көзі ретінде қарастырады. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай технология үй жануарларының иелеріне ғана емес, ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруаларға да тиімді болмақ.

Дегенмен бұл салада жұмыс істеп жүрген ғалымдардың пікірі екіұшты. Олар жануарлар адамдармен тек өздеріне қажетті деңгейде ғана байланыс орнататынын алға тартады. Ғалымдар жануарлардың бір-бірімен қалай сөйлесетінін түсінбейінше, бұл жүйе шын мәнінде толық жұмыс істемейді деп есептейді. Мәселен, киттер секілді теңіз сүтқоректілері өте күрделі әрі терең қарым-қатынас жасай алады, бірақ тек өз тобының мүшелерімен ғана. Олардың тілін түсіну – табиғатты терең зерттеудің кілті болар еді.

Тағы бір қызықты жорамал – болашақта адамзат өзге ғаламшарлардан тіршілік иелерін кездестірсе, олардың қарым-қатынас тәсілі мүлде басқа болуы мүмкін. Сондықтан Baidu сияқты компаниялардың жануар тіліне арналған ИИ жобалары алдағы уақытта бөтен тіршіліктермен байланыс орнатудың алғашқы қадамына айналуы ғажап емес