Home Аналитика Қазақстандықтар кабельді және спутник теледидарына қарағанда IPTV-ні таңдайды

Қазақстандықтар кабельді және спутник теледидарына қарағанда IPTV-ні таңдайды

39

2023 жылы Қазақстанда кабельді теледидар пайдаланушыларының саны 481,8 мың болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,2%-ға аз. Спутник теледидарының пайдаланушылары 11,3%-ға төмендеп, 1,5 млн-ға жетті. Ал цифрлық интерактивті теледидар (IPTV) пайдаланушыларының саны 10,1%-ға өсіп, 1,2 млн-ға жетті. Телефон, кеңжолақты интернет және ақылы теледидар қызметтерін пайдаланушылар саны 18,1%-ға артып, 324,1 мыңды құрады. Бұл деректер Energyprom.kz зерттеуінде көрсетілген.

Зерттеу деректері көрсеткендей, кабельді және интерактивті теледидар пайдаланушылары саны бойынша Алматы бірінші орында, ал Түркістан облысы соңғы орында. Спутник телидар қызметін ең көп пайдаланушылар Түркістан облысында, ал ең аз Атырау облысында тіркелген.

«Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, эфирлік цифрлық телидармен қамту 100%-ды құрайды. Алайда, барлық өңірлерде бұл толық қамтылмаған. Мысалы, Шымкентте және Маңғыстау облысында қамту 100% болды. Түркістан (98,3%), Солтүстік Қазақстан және Қостанай (98%) облыстары одан кейінгі орындарда. Ал Батыс Қазақстан (10,4%), Қызылорда (13,4%) және Жамбыл (52%) облыстарында ең төменгі деңгей байқалады. 100% дегеніміз қалай шығып отырғаны түсініксіз», – дейді аналитиктер.

Сондай-ақ, 2023 жылдың қыркүйек айында кабельді теледидар қызметтері 3,5%-ға, ал спутник теледидары 5,6%-ға қымбаттағаны айтылды.

Аймақтық деңгейде кабельді теледидар бағасы Кызылорда (26,4%), Батыс Қазақстан (22,8%), Маңғыстау (15,9%), Қостанай (15,5%) және Солтүстік Қазақстан (9,5%) облыстарында өсім көрсетті.

Ең аз баға өсімі- Ақтөбе облысында 2,9% болды.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Павлодар және Ұлытау облыстарында бағалар өткен жылдың деңгейінде қалды.

Ақмола облысында 1%, Астанада 4,2% баға көрсеткіші төмендеді.

«Спутник телидар қызметтері Жетісу облысында 27,3%-ға қымбаттады. Антилидерлер тізіміне Батыс Қазақстан (21,1%), Ақтөбе (19,3%), Қостанай (19,1%) және Маңғыстау (10%) облыстары кірді. Ең төменгі баға өсімі Астанада 1,9% болды. Тоғыз өңірде бағалар өткен жылдың деңгейінде қалды», – деп толықтырды зерттеу авторлары.