2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 32 479 электрлі көлік тіркелген. Бұл елдегі барлық автокөлік санының шамамен 0,5 пайызын құрайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, республикада жалпы саны 5,9 миллион автокөлік бар. Соның 84,2 пайызын жеңіл автомобильдер құрайды. Жүк автомобильдерінің үлесі – 8 пайыз, тіркемелер – 4,3 пайыз, автобустар – 1,5 пайыз, мотоциклдер – 1,2 пайыз, ал өзге көлік түрлерінің үлесіне 0,8 пайыз тиесілі.
Елдегі автокөліктердің басым бөлігі бензинмен жүреді. Олардың үлесі 80 пайызға тең. Дизель отынын пайдаланатын көліктердің үлесі 7,6 пайыз болса, бірнеше отын түрімен жүретін көліктер 6,5 пайызды құрайды. Газбен жүретін автокөліктердің үлесі 0,4 пайыз деңгейінде.
Электрлі көліктер ең көп тіркелген өңір – Алматы қаласы. Мұнда 17 506 электрлі автомобиль есепке алынған. Бұл республикадағы барлық электрлі көліктің жартысынан астамына тең. Одан кейін Астана қаласы орналасқан. Елордада 3 235 электрлі көлік тіркелсе, Алматы облысында олардың саны 2 857-ге, ал Шымкент қаласында 1 042-ге жеткен.
Осылайша, электрлі көліктердің негізгі бөлігі еліміздің ірі қалаларында шоғырланған. Соған қарамастан, олардың Қазақстанның жалпы автокөлік паркіндегі үлесі әзірге салыстырмалы түрде төмен деңгейде қалып отыр.
Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.












