Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігі «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесін әзірлеуде.
Жаңа жүйе сегіз мемлекеттік дерекқормен біріктірілген, ал қазір 120 мыңнан астам қызметті қамтитын Smart Data Ukimet жүйесімен интеграциялау аяқталу сатысында.
Ақпараттық жүйе «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Азаматтардың өтінімдері онлайн қабылданып, тұрғын үйді бөлу процесі автоматты түрде жүзеге асады.
Әр өтінім негізінде отбасының цифрлық портреті қалыптасады, онда табысы, мүлкі мен активтері көрсетіледі. Осылайша, тұрғын үй кезегіне қою және мемлекеттік қолдау шараларын бөлу шешімдерін «Отбасы банк» ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды.
Қазіргі уақытта пилоттық жоба аясында жүйе тестілеуден өтіп жатыр, ал тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың деректері жүктелуде.