Home Айтулы оқиғалар Қазақстанда Starlink Direct-to-Cell спутниктік байланыс технологиясы сынақтан өтті

Қазақстанда Starlink Direct-to-Cell спутниктік байланыс технологиясы сынақтан өтті

7

Қазақстан 2026 жылдың ақпан айынан бастап SpaceX компаниясының Direct-to-Cell (D2C) технологиясын толық енгізетін алғашқы елдердің біріне айналады. Жүйе кезең-кезеңімен қолданысқа еніп, стандартты ұялы телефондарды қосымша құралсыз тікелей спутниктерге қосуға мүмкіндік береді.

Бұл жүйе дәстүрлі байланыс желісі жоқ аудандарда,яғни тауларда, далалық өңірлерде немесе шалғай елді мекендерде де тұрақты байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде пайдаланушыларға тек SMS хабарламаларын жіберу мүмкіндігі беріледі. Келесі кезеңдерде дауыстық байланыс және басқа сервистер енгізіледі. 2027 жылға қарай негізгі қызметтердің көбіне қолжетімді болуы күтілуде.

«Бұл шешімдер тікелей Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр және елдің барлық өңірінде цифрлық мемлекеттік қызметтердің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Тұрақты, заманауи және үздіксіз байланыс арналары болмаса, цифрлық қызметтер біркелкі жұмыс істей алмайды. Спутниктік байланыс осы жүйенің маңызды элементі болып саналады. Ең алдымен, бұл адамдардың байланыста болу мүмкіндігіне қатысты. Шалғай аудандарда, жолда немесе тауларда төтенше жағдайларда байланыс шешуші мәнге ие. Мұндай технологияларды енгізу цифрлық ортаны тұрақтандырып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттырады», – деп хабарлайды Премьер-министрдің орынбасары әрі Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев.

Қазіргі таңда әлемде ұқсас жобалар бірнеше ғана елде жүзеге асырылып отыр. Қазақстан – Орталық Азияда Direct-to-Cell технологиясыніс жүзінде сынақтан өткізетін жалғыз ел.

Технология байланыс пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие. Ол құтқару қызметтері, медицина мамандары, туристер мен шалғай елді мекен тұрғындарына кез келген жағдайда, тіпті жердегі ұялы желі болмаған жағдайда да байланыста болуға мүмкіндік береді.