Home Кәсіби маман Қазақстанда спорттық бағдарламалау жаңа басымдыққа айналуда

Қазақстанда спорттық бағдарламалау жаңа басымдыққа айналуда

49

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі спорттық бағдарламалауды дамыту саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты — жастар арасында спорттық бағдарламалауды насихаттау және оны республикалық басым спорт түрлерінің тізіміне қосу.

Екі тарап бұл пәнді бірлесіп дамыту үшін білім беру бағдарламаларын біріктіру, жастарды IT саласына тартуға бағытталған жарыстар мен іс-шаралар өткізу арқылы серіктестік орнатуға келісті. Сонымен қатар, Қазақстанда спорттық бағдарламалау инфрақұрылымын дамыту үшін демеуші табу мақсатында жағдайлар жасау жоспарлануда.

Сондай-ақ,меморандумда білім беру мекемелерін қолдау және IT бөліміндегі адами капиталды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды әзірлеу қарастырылған.