Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстанда IT саласы қарқынды дамуда

Қазақстанда IT саласы қарқынды дамуда

28

Қазақстан Үкіметі биылғы жылы еліміздің ақпараттық технологиялар (IT) саласындағы жетістіктері туралы ауқымды есеп жариялады.

Қазақстанда IT саласының даму көрсеткіштері көңіл қуантады. 2023 жылғы мәліметтер бойынша, елімізде IT технологияларымен айналысатын 18 мыңға жуық заңды тұлға тіркелген. Ал 2022-2023 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 11%-ға өсіп, саланың экономикаға қосқан үлесі артып келеді.

Қазақстанда IT саласы қарқынды дамуда

Ең бастысы, IT саласында еңбек ететін мамандар саны да жыл санап артып келеді. 2022 жылы 167 мыңнан астам IT мамандары
жұмыс істесе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 187 мыңға жеткен. Бұл дегеніміз, елімізде IT мамандарының саны 12%-ға өскенін көрсетеді. Бұл өзгеріс салаға деген сұраныстың артып келе жатқанын байқатады.

Айтишниктердің әлеуметтік жағдайы да жақсарып келеді. 2023 жылы олардың жалақысы 35%-ға өсіп, орташа айлық жалақы 588 мың теңгеге жеткен. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 437 мың теңге болған

Қазақстанның цифрлық трансформациясы мен технологиялық жетістіктері әлем бойынша назарға алынуда. Елдегі ақпараттық технологиялар саласының дамуы мен өсуі елімізді жаңа деңгейге көтеріп, болашақта одан да үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.