Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстанда цифрлы құжаттардың саны артуда

Қазақстанда цифрлы құжаттардың саны артуда

7

Денсаулық сақтау министрлігі уақытша еңбекке қабілетсіздікті анықтау ережелеріне және уақытша еңбекке қабілетсіздік парағын немесе анықтамасын беру тәртібіне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, құжаттарды электронды форматқа көшіруді жеңілдету және автоматтандыру мақсатында ауру парағының электронды нұсқасы енгізілмек.Электронды науқас парағы, қағаз түріндегі құжат сияқты, адамның уақытша еңбекке қабілетсіздігін растайды және оны уақытша жұмысқа шықпауға, сондай-ақ уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақы алуға құқылы етеді.

«Уақытша еңбекке қабілетсіздік парағы мен анықтамасы аурулар, жарақаттар, улану, еңбекке қабілеттіліктің уақытша жоғалуы, шипажайларда емделу, науқас отбасы мүшесіне күтім көрсету қажеттілігі, карантин, стационарлық жағдайда протез салу, жүкті болу және босану жағдайлары бойынша уақытша еңбекке қабілетсіздікті анықтау нәтижесінде электронды құжат түрінде беріледі», – деп жазылған құжатта.

Анықтаманы Қазақстан азаматтары, қандастарымыз және Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік азаматтар ала алады.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрық жобасы 2025 жылғы 3 ақпанға дейін жария талқылауда болады. Толық мәтінімен мұнда танысуға болады.