Бүгін елімізде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын кеңінен енгізу қарқыны артып отыр.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жыл ішінде Қазақстан толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Бұл тек технологиялық өзгеріс емес. Жасанды интеллект, инновациялық платформалар мен электрондық қызметтердің дамуы өмірімізді ыңғайлырақ, экономиканы тиімді әрі ашық етеді. Сол себепті IT-саласының мамандарының еңбегі бүгінгі күн мен болашақ үшін стратегиялық маңызды болып табылады. Оларға жоғары кәсіби шеберлік пен үздіксіз даму қажет.
Барлық IT-саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!












