Home Электроника Қазақстанда алаяқтардың әрекеттері күшейді

Қазақстанда алаяқтардың әрекеттері күшейді

71

Көбінесе олар азаматтардың парақшасына зиянды бағдарламаға сілтеме жібереді. Әдетте, сілтемеде балаларға дауыс беру, сыйлық ойнату немесе түрлі сауалнама тақырыптарына қатысты сұрақ-жауап түріндегі ақпараттар болады.  Сілтемеге өткеннен кейін, қаскөйлер азаматтардың парақшасына, телефон мен жеке компьютерлеріне кіруге мүмкіндік алады.

Ақша алу үшін алаяқтар үшінші тұлғалардың шоттарын пайдаланады. 

Аталған схеманың жалғасы ретінде, алаяқтар азаматтарға (әдетте мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік сектор қызметкерлеріне, жоғары лауазымды тұлғаларға) олардың басшыларының атынан хаттар жібереді. 

Алаяқтар төменде көрсетілген жүйе мен тәртіп бойынша жұмыс істейді: 

– Қоңыраулар мен хабарламаларды қолдану арқылы өз пайдасын іске асырады. Онда белгілі бір мәселелер туралы айтылып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің нұсқауларын орындау ұсынылады. 

Жалған ҰҚК қызметкерлері банктік шотта күмәнді операциялар (оның ішінде лаңкестік топтарды қаржыландыру және т.б.) туралы хабарлап, арнайы операция жүргізуге көмектесуді талап етеді. “Содан кейін олар байланыс арнасын прокуратура, банк және басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қосады. Әдетте, мұндай операциялар несие рәсімдеуді, депозиттен немесе ағымдағы шоттан ақша аударуды, сондай-ақ қолма-қол ақшаны курьер арқылы жеткізуді талап етеді.

– Белгілі бір мәселелердің туындағаны туралы ескертіп, оларды шешу үшін ҰҚК қызметкерінің байланыстары беріледі. 

Сенімділік үшін ресми бланкіде ведомствоның түбіртектері/құжаттары (қызметтік куәліктердің фотосуреттері, мөрлері мен қолдары бар ҰҚК тапсырмалары мен бұйрықтары) жіберілуі мүмкін. 

Осыған байланысты ІІМ азаматтарды сақ болуға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады, тіпті олар туыстардан, достардан және т.б.жақындарыңыздан келсе де абай болу керек. 

Мұндай хаттар мен қоңырауларды алған кезде оларды ашпай, дереу жіберушімен байланысуға кеңес береміз. 

Егер сіз сілтемені ашып қойған болсаңыз, аккаунтқа байланыстырылған бөтен құрылғылардың бар-жоғын тексеру керек. Ол үшін «WhatsApp» және «Telegram» мессенджерлерінің қосымшаларында “Баптаулар”, одан кейін – «Байланыстырылған құрылғылар» (Telegram-да – «Құрылғылар») бөліміне кіріп, параллель байланыстарды тексеру керек. Егер қойындыда бөтен құрылғы болса, сеанстан шығу қажет. Жеке деректер мен контактілерді қорғау үшін мұндай процедураны мүмкіндігінше жиі жүргізу ұсынылады.