Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш болып санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастырды

Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш болып санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастырды

7

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрлық тұрғыдан жаңғыртуға бағытталған ең ауқымды жобалардың бірін аяқтады.

Осылайша Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің ішінде алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласын толық қамтитын бірыңғай цифрлық экожүйені қалыптастырды. Бұл жүйе өзара байланысқан бірнеше маңызды бағытты біріктіреді:

  • мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;
  • декреттелген кәсіптерде еңбек ететін қызметкерлердің міндетті медициналық тексерулері;
  • зертханалық зерттеулер;
  • кәсіпорындардағы өндірістік бақылау;
  • халықты вакцинациялау барысын бақылау.

Бұған дейін бұл бағыттар бойынша мәліметтер әртүрлі ақпараттық жүйелерде сақталып, көптеген рәсімдер қолмен орындалатын. Қазіргі таңда барлық дерек бірыңғай цифрлық платформаға жинақталып, нақты уақыт режимінде өңделіп, талданады.

Бұл шешім санитариялық-эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға ғана емес, оларды төтенше жағдай туындамай тұрып алдын ала анықтап, дер кезінде тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.