Home Технологиялар Ғарыш Ауыл шаруашылығы саласы үшін ғарыштық технологиялар арқылы несие алу мүмкіндігі ашылды

Ауыл шаруашылығы саласы үшін ғарыштық технологиялар арқылы несие алу мүмкіндігі ашылды

34

Қазақстандағы егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар енді жаңа сақтандыру жүйесі арқылы өз шаруашылығын қорғап қана қоймай, қаржыландыруға жол аша алады.

Бұған дейін Ұлттық фермерлер қауымдастығы жыл сайын бөлінетін мемлекеттік қолдаудың ірі шаруашылықтарды толық қамтымайтынын хабарлаған еді.

Мәселені шешудің тиімді жолын сақтандыру компаниялары ұсынды. Space Days Kazakhstan 2025 халықаралық форумында СК Freedom Insurance АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев фермерлерге арналған жаңа өнім кепілдік ретінде пайдаланылатынын атап өтті.

Жаңа жүйенің ерекшелігі – параметрлік сақтандыру. Ол машиналық есептеу арқылы жиналған сандық мәліметтерге сүйеніп, төлемді автоматты түрде есептейді. Осылайша шаруашылық иелері тәуекелден қорғалып, төлем әділ түрде жүзеге асады.

Қазіргі сақтандыру өнімдері кейде тиімді емес немесе делдалдар 20–60% комиссия алады. Ал параметрлік сақтандыру бұл кемшіліктерді жояды және төлемдерге субъективтілікті жойып, тең жағдай туғызады.

Азамат Керімбаевтың айтуынша, бұл жүйе шаруалар мен сақтандыру компаниясы үшін де тиімді, қаржыландыруға мүмкіндік береді.