Home Робот пен дрондар,ЖИ Астанада жасанды интеллект көмегімен қылмыстың алдын алу жобасы қолға алынды

Астанада жасанды интеллект көмегімен қылмыстың алдын алу жобасы қолға алынды

30

Астанада көше қылмыстарын болжауға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Жасанды интеллектіге негізделген бұл жүйе қылмыс қаупі жоғары аумақтарды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Жобаның іске қосылғаны туралы ақпаратты қалалық прокуратура растады, деп хабарлайды ресми akimat.kz порталы.

Жүйе соңғы он жылдағы құқықбұзушылық деректерін талдай отырып, қала аумағындағы қауіпті орындар мен уақыт аралықтарын анықтайды. Жасанды интеллект алгоритмдері мәліметтерді өңдеп, қай аудандарда қандай заңбұзушылықтар жиі тіркелетінін саралайды.

Болжам арқылы полиция бөлімдері қауіп-қатері жоғары аудандарды алдын ала анықтап, сол жерлерде патруль санын арттыра алады. Сонымен қатар, бақылау камераларын орнату, көше жарығын жақсарту секілді алдын алу шаралары қолға алынбақ.

Идея Бас прокурордың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығын құру жұмыстары аясында іске қосылды. Егер жоба сәтті іске асса, болашақта басқа ірі қалаларда да енгізілмек.