Home Электроника Компьютерлер,ноутбуктер мен планшеттер ASUS пен AMD компаниялары 2025 жылғы Expert P ноутбуктар топтамасын таныстырды

ASUS пен AMD компаниялары 2025 жылғы Expert P ноутбуктар топтамасын таныстырды

17

Computex 2025 көрмесі аясында ASUS пен AMD бірлесіп коммерциялық пайдаланушыларға арналған ASUS Expert P сериялы жаңа Copilot+ компьютерлерін таныстырды. Бұл құрылғылар — жасанды интеллектімен жұмыс істеуге бейімделген, заманауи AMD Ryzen™ AI 300 сериясындағы процессорлар негізінде жасалған қуатты шешімдер.

Жаңа топтамаға ExpertBook P3 (PM3) ноутбугы, ExpertCenter P700 (PM700MK, PM700SK) үстелдік компьютерлері, ExpertCenter P600 (PM640, PM670) моноблоктары және алақандай ғана шағын ExpertCenter PN54 ДК- сы кіреді.

Бұл құрылғылар бизнеске қажетті өнімділік пен сенімділікті қамтамасыз етіп қана қоймай, энергияны үнемдеп, ұзақ мерзімге шыдас беретіндей етіп жасалған. Озық AMD Ryzen AI процессорларымен жабдықталған жүйелер жасанды интеллектке негізделген бағдарламалардың жылдам және үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді.

«ASUS компаниясымен әріптестігіміз тұтынушылық және ойын құрылғылары бағытында жақсы нәтиже берген еді. Енді біз бұл табысты коммерциялық секторда да жалғастырғымыз келеді.Ryzen AI базасындағы жаңа құрылғылар өнімділік саласындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді», – деді AMD компаниясының жоғары вице-президенті және есептеуіш және графикалық шешімдер бөлімінің жетекшісі Джек Хьюнх.

«Біз AMD компаниясымен серіктестікті одан әрі кеңейтіп, жасанды интеллектіге негізделген жаңа дәуірге қадам басқанымызға қуаныштымыз.Компьютердің бүкіл болмысын – архитектурасынан бастап, нақты қолданысына дейін – жасанды интеллект қайта қалыптастырады деп сенеміз. Expert сериясының қосылуы кәсіп иелерінің жұмыс тиімділігін арттыруға жол ашады», – деді ASUS компаниясының тең атқарушы директоры С.И.Сюй.

ASUS пен AMD компаниялары 2025 жылғы Expert P ноутбуктар топтамасын таныстырды

ASUS ExpertBook P3 жинағы

ExpertBook P3 сериялы ноутбуктар таныстырылымдағы басты жаңалық болды. Олар 14 дюймдік (PM3406) және 16 дюймдік (PM3606) үлгілерде ұсынылды. Жаңа буындағы AMD Ryzen™ AI PRO 7 процессоры (TDP 45 Вт) секундына 66 триллион операция жасай алады – бұл жасанды интеллект қосымшалары үшін үлкен мүмкіндік.

Сонымен қатар, бұл процессорлар бағдарламалық қамтудың тұрақты жұмысын 18 ай, ал техникалық қолжетімділікті 24 ай бойы қамтамасыз етеді. Әр құрылғы сапа мен ұзақ мерзімділікке бағытталған арнайы тексеруден өтеді.

ExpertCenter P600 жинағы

ASUS шығарған алғашқы Copilot+ моноблоктары – ExpertCenter P600 сериясы – 24 (PM640) және 27 дюймдік (PM670) нұсқада қолжетімді. Ақпараттық қауіпсіздік пен жоғары өнімділікке бағытталған бұл құрылғыларда нейрондық процессор орнатылған. Ол шынайы уақытта контент құруға мүмкіндік беретін 50 TOPS өнімділікті қамтамасыз етеді.

ExpertCenter P700 жинағы

Бұл сериядағы үстел компьютерлері екі форматта ұсынылады: Mini Tower (PM700MK) және ықшам PM700SK үлгісі. Екеуі де – жасанды интеллектпен жұмыс істеуге қолайлы шешім. Олар секундына 50 триллион операция орындай алады.

ExpertCenter PN54 жинағы

Expert сериясын шағын, бірақ қуатты ExpertCenter PN54 мини-ПК аяқтайды. Бұл шағын құрылғы сауда нүктелері, киоскілер мен кеңістігі шектеулі кеңселер үшін таптырмас шешім. Кішкентай көлеміне қарамастан, ол жасанды интеллектпен жұмыс істейтін бағдарламаларда жоғары өнімділік көрсетіп, бірнеше тапсырманы қатар орындауға мүмкіндік береді.

Кәсіпке арналған жасанды интеллект құралдары

ASUS ExpertBook P және ExpertCenter P сериялары арнайы AI ExpertMeet құралдарымен және ExpertGuardian қауіпсіздік технологиясымен жабдықталған.

AI ExpertMeet – құрылғыда жергілікті жұмыс істейтін ЖИ- көмекші. Ол бейнеконференциялар кезінде автоматты түрде аударма жасап, стенограмма мен қысқаша мазмұн дайындайды. Ең бастысы – бұл деректердің бәрі құрылғыда қалады, яғни құпиялылық толық сақталады.Ал ExpertGuardian технологиясы корпоративтік деңгейдегі киберқорғаныс шешімдерін ұсынады. Бұл – ақпараттық қауіпсіздік пен сенімділікті басты орынға қоятын компаниялар үшін маңызды артықшылық.

ASUS пен AMD компаниялары 2025 жылғы Expert P ноутбуктар топтамасын таныстырды

Жаңа Expert сериясы бизнеске қажет барлық заманауи мүмкіндіктерді қамтиды: жоғары өнімділік, жасанды интеллект, сенімді қорғаныс және ұзақмерзімділік. ASUS-тың көпжылдық тәжірибесі мен жедел қолдауы кәсіп иелеріне технология туралы емес, өз ісін дамытуға көңіл бөлуге мүмкіндік береді.