Home Электроника Қаржылық мониторинг агенттігі атынан келген қоңырауға сенбеңіз!

Қаржылық мониторинг агенттігі атынан келген қоңырауға сенбеңіз!

12

Қаржы мониторингі агенттігінің (АФМ) атымен әрекет ететін алаяқтар көбейіп барады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды «Сапалы Қазақстан» порталы.

Алаяқтар азаматтардың жұмыс орнына тексеріс жүргізілетіні жөнінде жалған хабарламалар таратып жатыр. Азаматтарға жалған тексеріс аясында құжат тапсырып, ынтымақтаса жұмыс істеу ұсынылады. Сенім ұялату үшін хабарлама АФМ логотипі қойылған жалған құжатқа басылып, қолдан жасалған мөрмен бекітіледі. Артынша өзін агенттік қызметкері ретінде таныстырған күдіктілер қоңырау шалып, азаматтардан банк шоттары мен жеке мәліметтерін сұрап алады.

АФМ мұндай тексеру жүргізбейтінін, тұрғындарға хабарласпайтынын және құжат сұрамайтынын ресми түрде хабарлайды.

«Ақпараттың растығына көз жеткізу үшін Қаржы мониторингі агенттігіне немесе тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жүгініңіз. Азаматтарды қырағы болуға, ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруге және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырамыз», — делінген агенттік хабарламасында.