Қарағандыда Цифрландыру және жасанды интеллект атты облыстық жастар форумы өтті. Аталған жиын өңірдегі белсенді жастарды, IT мамандарын, еріктілер мен жас әзірлеушілерді бір алаңға тоғыстырды. Форум барысында цифрлық технологияларды дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктері және жастардың елді технологиялық жаңғырту үдерісіне қатысуы кеңінен талқыланды.
Форум TED-X форматында ұйымдастырылды. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген спикерлер цифрлық шешімдер, инновациялар мен стартаптар саласындағы тың идеялары мен жобаларын ұсынды. Жас зерттеушілер мен IT әзірлеушілер өз жұмыстарын таныстырып, тақырыптық байқаулар мен ашық пікірталастарға қатысты.
Форумның белсенді қатысушыларының бірі — «Auyl Jastary» республикалық жастар қанатының еріктісі Расул Мұрат.
«Бұл мен үшін жай ғана форум емес, үлкен өзгерістердің бір бөлшегіне айналу мүмкіндігі. Бүгінде жастар IT саласына, жасанды интеллект пен цифрлық жобаларға ерекше қызығушылық танытып келеді. Ең бастысы — осындай бастамалар қолдау тауып, өз идеяларымызды дамытуға жол ашып отыр», — дейді ерікті.
Форум барысында қатысушылар цифрландырудың түрлі салалардағы болашағын, жастар стартаптарына көрсетілетін қолдауды және жаңа цифрлық экономикаға қажетті білікті мамандар даярлау мәселелерін де талқылады.
Қосымша материалдар мен сараптамалық мақалаларды MobiLaser Telegram арнасынан оқуға болады.












