Home Технологиялар Ғаламтор және желі Апта жаңалықтарына шолу

Апта жаңалықтарына шолу

8

Қайырлы күн, құрметті оқырман!
Өткен аптада маңызды оқиғалар мен тың шолулар назардан тыс қалған жоқ. Технология мен күнделікті тіршіліктің тоғысы жаңа белеске көтерілді. Ендеше, ең өзекті материалдарға бірге көз жүгіртейік:

Сәуірдің бірі күлкі мен қалжыңға арналса да, технологиялар әлемінде бұл күн күлуге емес, алаңдауға себеп болды. Жасанды интеллект енді ойын емес — өмірімізге етене еніп, кей тұста үрей тудыратын деңгейге жетті.

Қазақтың Codiplay стартабы Зимбабвенің 11 мың мектебімен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Бұл бастама білім саласында жаңа көкжиектерді ашпақ.

Жолдағы кептеліс жұртты қажытқалы қашан. Ал енді автопилот жүйесімен жүретін көліктер Қазақстанда да заңдастырылуы мүмкін. Бұл тек жайлы сапар емес – көлік мәдениетінде жаңа дәуірдің бастауы бола ала ма?

«World Esports Championship 2025» турниріне кімдер қатысады? Жаңа есімдер, тартысты кездесулер мен нағыз эмоцияға толы кибералаң.Киберспорт әлеміндегі ең қызықты жаңалықты жіберіп алмаңы

Қазақстанда табиғи апаттарға қарсы технологиялар мен жасанды интеллектінің ықпалы артып келеді. Бұл салада жасалып жатқан қадамдар мен жаңа шешімдер туралы баяндаймыз.

Қазақстанда атом электр станцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не істеу қажет?

Жасанды интеллектіні тиімді пайдалану үшін адамға қандай қабілеттер керек? Технология дамыған сайын, оны басқару үшін де жаңа дағдылар қажет. Бұл сұрақтың жауабын толығырақ мақала ішінен оқи аласыз.